Архив событий

05/10/2016

Ұсақ бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылды

05/10/2016

5.10.2016 жылы Мақтаарал аудандық сотында құқық бұзушы А.Қ-қа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

№4 балалар үйінің тәрбеленушілеріне кино көру ұйымдастырылды

05/10/2016

Бүгін Сайрам аудандық және Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбеков кездесу барысында ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан балаларды өз қамқорлығына алғандығын және осындай қайырымды іс-шаралардың жиі өткізіліп отырғадығы жайында әңгімеледі.

Мемлекеттік қызметшілердің жүріп-тұруының әдептілік нормасы

05/10/2016

    Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотымен мемлекеттік қызметшілердің  моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне, талаптарды көтеру мақсатында «Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормасы» атты тақырыпқа семинар сабақ өткізілді.

      Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Б. Ермурзаев және соттың мамандары қатысты.

Сот залынан

05/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының 3.10.2016 жылғы шешімімен «КДЛ» ЖШС-нің «ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-не Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытынды беруден бас тартуын заңсыз деп тану, қорытынды беруге міндеттеу туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.