Архив событий

25/10/2016

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

25/10/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер О.Г.-ның жауапкер «МКЭК» ЖШС-нен моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, дау тараптардың қорғаушыларының қатысуымен партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді.

Банкке тиесілі қарыз өндірілді

25/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер «Банк Хоум Кредит» АҚ-ның жауапкер А. Ильясоваға қатысты банктік қарызды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 28 қазан 2014 жылы «Банк Хоум Кредит» АҚ және А. Ильясова арасында 42 ай мерзімге, 616 550 теңге сомасын беру туралы несие шарты жасалған.

Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/10/2016

Мақтаарал ауданының № 2  аудандық соты ҚР ҚК 188 б. 1 б. бойынша «Сприк» маркалы велосипедін ұрлап, салдарынан жәбірленушіге 22000 теңге залал келтірген аудан тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот отырысында  сотталушы кінәсін толық мойындады.

Қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиянның қалпына келтірілуіне байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

 

Сайрам аудандық сотында сот медиация тәртібімен азаматтық іс өндірістен тоқтатылған

25/10/2016

Таяуда А.Н.-ның жауапкер Д.А.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс сотта қаралды. Істі қарау барысында тараптар медиация бойынша өтінішхат беріп, істі жүргізген судьяның өткізуімен сот медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды. Келісімге сай, жауапкер талапкерге 2016 жылдың 31 қазанына дейін 360 000 теңге қайтаруға міндеттеме берді, ал талапкер міндеттемемен келісіп, өз кезегінде арыздан бас тартты.