Архив событий

26/10/2016

Медиация тәртібімен жанұя сақталды

26/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер Е.Г.-ның жауапкер М.Н.-мен неке бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Сот отырысында  тараптар  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат берген.

Сот, тараптар арасындағы дауды  медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді 3.10.2016 жылғы ұйғарыммен бекітіп, іс бойынша іс жүргізу өндірістен  тоқтатылды.

Автокөлікті мас халде қайта басқарған

26/10/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Т.Д-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сай, сотталушы Т.Д. 1 жылға  көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла тұра, «Toyota Camry» маркалы автокөлігін мас күйінде қайта басқарған.

Сот залынан

26/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының 3.10.2016 жылғы шешімімен «КДЛ» ЖШС-нің «ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-не Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытынды беруден бас тартуын заңсыз деп тану, қорытынды беруге міндеттеу туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот мәжілісінде анықталғандарға қарағанда 2011 жылы «КДЛ» ЖШС-гі медициналық тауарларын импорттаған және   «КДЛ» ЖШС-гі әкелген тауарға қосылған құн салығынан босатылған.