Мақтаарал аудандық сотының төрағасы ауыл округтерінде семинарлар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР «Медиация туралы» Заңын насихаттау мақсатында Мақтаарал аудандық сотының ұйымдастыруымен Жаңа ауыл және Қазыбек би ауыл округтерінің әкімдіктерінде семинар сабақтары өткізілді.                                        Семинарға аудандық соттың төрағасы Қ.Дүйсебеков, аталған ауылдық округтердің медиаторлары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Қ.Дүйсебеков өз баяндамасында медиацияның тиімділігі мен маңыздылығын атап, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсімдер тәртіптерімен реттеу туралы келісімдерін қолдану аясына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, сот төрағасы семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар соңында қатысушылар ауыл округтерінің әкімдігінде ашылған медиация кабинетінде болып, медиаторлардың атқарған жұмыстарымен танысты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі