Оңтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық істерді қарау барысында жаңа АПК-нің нормаларын қолданудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Аазаматтық процессуалдық кодексінің нормаларын қолданудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық соттың және Шымкент қаласының аудандық соттарының судьялары, облыстық адвокаттар алқасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің және монополист болып табылатын ірі заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.

Мәжілістің мадераторы, облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов сот бұйрығы және оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізудің ерекшеліктері мен оларды қарау барысында туындайтын өзекті мәселелердің талқыға салынатынын айтты. 

Осы тақырыптар бойынша облыстық соттың судьясы А.Тоқсанбаев, мемлекеттік кірістер жөніндегі департаментінің өкілі Н.Дайрабаев, адвокат С.Әмре, Шымкент қаласының Абай және Еңбекші аудандық сотының судьялары М.Шарипов пен А.Орақбаева баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдегі жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша  соттармен жаңа азаматтық процестік кодекстің дауларды тез арада сапалы қарауға бағытталған мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, соттарға сот бұйрығы мен оңайлатылған іс жүргізуде жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі, жарыспалылығы, сот актілерінің міндеттілігі, сот актілеріне шағым жасау бостандығы туралы азаматтық іс жүргізу қағидаларын сақтау қажеттілігіне назар аудару туралы ұсыныс жасалды.

Одан бөлек, адвокаттардың, мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғалардың өкілдерінің назарын олардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа арыз беруі барысында ҚР АПК-нің 148, 149-баптарының талаптарының толық орындалуына аудару, жаңа заң талаптарын халыққа түсіндіру жұмыстарын қолға алу ұсынылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі