Жас өспірімге алкогольдік өнімді сатқаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

16.09.2016 жылы Мақтаарал АІІБ-ның І-полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан, «Түнгі қаладағы балалар» атты кең көлемдегі жедел профилактикалық іс шарасын жүргізу барысында, Мақтаарал ауданы, Ералиев ауылдық округіне қарасты «Сейфуллин» елді мекенінде орналасқан, азық-түлік дүкенінің сатушысы, құқық  бұзушы Б.С., Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, кәмелет жасына толмаған С.С.-ға бір шөлмек сыра сатқаны анықталған.

 Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Б.А. ҚР  ӘҚБтК-нің  200-бабының  1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың осы бөлігімен он айлық  есептік  көрсеткіш мөлшерінде 21 210  теңге  айыппұл  салынды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі