Архив событий

01/09/2016

Қаратау аудандық сотында кезекті медиативтік келісім бекітілді

01/09/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер У.П.-ның жауапкер Ш.Ш.-ға баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында, жауапкер Ш.Ш. баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 15 000 (он бес мың) теңге төлеуге міндеттенуіне байланысты,  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Отырар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

01/09/2016

Отырар аудандық соты аудан азаматтары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Бұл күні барлық ниет білдірушілер сот жүйесі жұмысының жүргізілу тәртібімен танысты.

Кеңсе меңгерушісі К.Әлімбек аудан тұрғындарына талап арыздардың жазылу үлгілерін және оларды «Сот кабинеті» арқылы электрондық түрде тапсыра алатынын түсіндірді.

Сот залынан

01/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кісі өліміне қатысты деген айыппен 1990 ж.т. А.А.-ға қатысты қылмыстық іс түсті.  

Жол қозғалысы қағидаларын бұзған

01/09/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы У.Е. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің  610-бабының             1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған он  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде  айыппұл  салынды.

Іс сот медиациясы тәртібімен татуласумен аяқталды

01/09/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер Б.С.-ның жауапкер Б.У.-дан ортақ бала үш жасқа толғанша өзіне алимент өндіру туралы  азаматтық ісін бітімгершілік келісіммен аяқтады.

Тараптардың дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімін сот бекітті.

Көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра алкогольдік мас күйде автокөлікті басқару деректері бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды

01/09/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1- бөлігімен айыпталып, сотқа берілген сотталушы М. бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, тағы да мас халде көлікті басқарған. Осы жасаған қылмыстық теріс қылығы үшін сотпен айыпты деп танылған.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

01/09/2016

Мақтарал ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, құқық бұзушы С. азаматша Л.-ға былапыт сөздерін айтып, қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық іс-әрекетін жасаған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

01/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 15 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен «BrownSTY» ЖШС-нің  «НГСК КазСтройСервис» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.