Архив событий

06/09/2016

Cот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

06/09/2016

ОҚО Шардара аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл бос бостандығын шектеу жазасына сотталған Б.-ның жазасының өтелмеген бөлігін өтеуден мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы аудандық пробация қызметінің ұсынысын қарады.

Төлеби аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

06/09/2016

Төлеби аудандық сотының ғимаратында күзет қызметкерлерімен аудандық сот ғимаратына кіріп-шығу ережесі жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялар мен сот мамандары және Төлеби аудандық күзет бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

06/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 05 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ ОФ-ның  «КАЗНИИХИМПРОЕКТ»  ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Ата-ана құқығынан айыру туралы

06/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  соты талапкер Ж.-ның жауапкер Б.-ға қатысты кәмелетке толмаған А., Б.,  есімді ұлдарына қатысты ата-ана құқығынан айыруды сұраған азаматық істі қарады.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

06/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 6 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің «KazakhConstructionIndustry» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Медиаторлық келісім бекітілді

06/09/2016

Қазығұрт аудандық сотында талапкер Т. жауапкер Ж. екеуінің арасындағы заңды некені бұзу жайлы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу келісімді жасау туралы өтініш келіп түскен.

АҢДАТПА (АНОНС)

06/09/2016

2016 жылы 10 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында, «Мәңгілік ел» идеясының жасампаздығын және алдағы қазан айында өтетін Судьялар одағының VII съезін насихаттауға арналған Шымкент – Түркістан қалаларының аралығындағы 180 шақырымды қамтитын велошеру өткізіледі.