Архив событий

14/09/2016

Қазақстан Республикасына келу тәртібінің талабын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды

14/09/2016

Өзбекстан Республикасының азаматы Х.М. Қазақстан Республикасына 15.06.2015 жылы келіп, белгіленген мерзімде шығып кетуден жалтарып, өз   әрекеттерімен Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының тәртібінің  талабын бұзып,  Қазақстан   Республикасы  ӘҚБтК 517-бабының 2-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/09/2016

14.09.2016 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Е.Бектұрғановтың ұйымдастыруымен Жоғарғы Сот Төрағасының бұрыштамасына сәйкес, жол-көлік оқиғалары нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы бойынша «Казахинстрах» сақтандыру компаниясының филиалына судьялардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен бекітілген электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсынуды қарастыратын пилоттық жобасын ағымдағы жылдың 1-қыркү

Он сегіз жасқа толмаған адамға темекіні сатқаны үшін айыппұл салынды

14/09/2016

Сайрам аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, аудан дүкендерінің сатушысының бірі 18 жасқа толмаған тұлғаға темекіні сатқан.

Көлік құралын заңсыз иемденген

14/09/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (автомобильді немесе  өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қарады. Іс бойынша анықталғаны, сотталушы Ж. спирттік ішімдік ішкен мас халде жәбірленушінің  автокөлігін иеленіп айдап кетіп, көлікке ие бола алмай жол көлік оқиғасын жасап, жәбірленушіге материалдық зиян келтірген.

Медиация кабинетінде кезекті дөңгелек үстел өтті

14/09/2016

Бүгін Отырар ауылдық округі әкімдік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде  «Дауды сотқа дейін жеткізбеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Отырар аудандық сотының төрағасы Б.Дүйсебеков, Шәуілдір ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен кәсіби емес медиаторлар және ауыл тұрғындары  қатысты.