Архив событий

05/09/2016

Аудандық сотта істерді мұрағатқа тапсыру тәртібі талқыланды

05/09/2016

Отырар аудандық сотында ҚР соттарында жинақталған құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты  сақтауға тапсыру туралы Ережені зерделеу жөнінде сот мамандарының қатысуымен семинар сабақ өтті.

Жасөспірім балаларына алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

05/09/2016

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің           669-бабымен құқық бұзушы Ш.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Ш.Б. кәмелет жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін табысының 1/2 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, оның алимент бойынша берешегі 1 462 040  теңгені құраған.

Төлеби аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

05/09/2016

Төлеби аудандық соты жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық соттың ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шара негізінен азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, сот жүйесіне деген сыйлаушылық пен сенімділігін арттырып, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Жол ережесі қағидаларын бұзғаны үшін, көлік жүргізу құқығынан айырылды

05/09/2016

Құқық бұзушы Р.А. автокөлікті алкогольдық масаң күйінде жүргізіп, жолда жүру ережесін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасын жасаған, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-де көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Аталған факті бойынша Р.А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының    3- бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Қылмыстық іс бойынша

05/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  сотталушы кәмелетке толмаған    М.Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Істі қарау барысында сотталушы М.Т. бір топ балалардың арасынан И.К.-ні  шолақ мылтықпен жанбасынан және Н.У.-дың көкірегінен атқаны анықталды.

Келісім шарт бойынша қарыз ақша өндірілді

05/09/2016

Шымкент қаласы Еңбекші   аудандық сотында талапкер «Алматы қаласы М.Тынышпаев атындағы көлік коммуникациялар колледжі» ЖШС-не келісім шартты уақтылы орындамағаны үшін жауапкер Қ.С.-дан қарыз ақшаны өндіру жайлы азаматтық іс қаралды.