Архив событий

08/09/2016

Сот бұйрығын орындамағаны үшін жаза тағайындалды

08/09/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының 10.10.2012 жылғы бұйрығы негізінде, құқық бұзушы А.Б. өндіруші Ш.Б.-ның пайдасына балаларын асырау үшін алимент төлеуге міндетті болған.

Алайда, құқық бұзушы сот бұйрығын осы күнге дейін орындамаған.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

08/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 7 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен «Omar Building» ЖШС-нің  «SHEGEN» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сот актісін орындаудан жалтарған әке

08/09/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 31.08.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаупкершілік ретінде 3 тәулікке қамаққа алынды.

Колледж оқушыларымен кездесу

08/09/2016

Бүгін ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен кәмелет жасқа толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық жазаланатын әрекеттер жасаудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының №3 колледжінде «Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізілді.

Әкімшілік қамаққа алынды

08/09/2016

Төлеби аудандық соты Т.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қарады.

Қоғамдық жұмыстарға тартылды

08/09/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс бойынша анықталғаны, сотталушы Б. өзінің танысы жәбірленуші И.-ды бас араздық салдарынан ұрып-соғып, қасақана денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.