Архив событий

13/09/2016

Жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қаралды

13/09/2016

Сарыағаш аудандық соты абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген жол жүрісі қағидаларын бұзған деп айыппен 53 жасар  Дербісек ауылының тұрғыны Г.Т-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны және ресми құжатты қолдан жасағаны үшін сотталды

13/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі133-бабының 2-бөлігінің «а,б,м» тармақтарымен, 133-бабының 2-бөлігінің «а,б,м» тармақтарымен (16.07.1997 жылғы редакциядағы) және 385-бабының 2-бөлігімен (03.07.2014 жылғы редакциядағы) айыпталған Э. деген тұлғаға қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

13/09/2016

Абай аудандық соты «Евразийский банк» АҚ-нің  140 500 теңге берешекті және 4 215 теңге мемлекеттік бажды  өндіріп беру   туралы  азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

Ішкі істер органдарының заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

13/09/2016

Сайрам аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта белгілі болғандай, құқық бұзушы И.М. көлік басқара отырып, полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот бұйрығын орындамағаны үшін жаза тағайындалды

13/09/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының 10.10.2012 жылғы сот бұйрығы негізінде құқық бұзушы А.Б.-дан өндіруші Ш.Б.-ның пайдасына балаларын асырау үшін алимент төлеуге міндетті болған.

Алайда, құқық бұзушы сот бұйрығын осы күнге дейін орындамаған.

Азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуымен аяқталды.

13/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 15 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен Шитовой Юлия Викторовна ЖК-дің  «НГСК КазСтройСервис» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.