Архив событий

29/09/2016

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

29/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Нефтяная страховая компания» АҚ-нің «Конти-строй» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық ісі  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сексеул ағашын шапқаны үшін жауапқа тартылды

29/09/2016

Отырар аудандық сотында Н.Б. және М.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушылар Н.Б. мен М.А. 05.09.2016 жылы Отырар ауданы, Балтакөл ауылының маңындағы орман қоры жерінен 3м3 сексеуіл ағашын заңсыз шауып алғаны анықталған.

Кезекті медиативтік келісім

29/09/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер Т.П.-ның жауапкер М.А.-ға баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында, жауапкер М.А. баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 21 210 (жиырма бір мың екі жүз он) теңге төлеуге міндеттенуіне байланысты,  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен өндірістен қысқарды

29/09/2016

Мақтаарал аудандық сотында жекеше айыптаушы – жәбірленуші С.Т-ның шағымы бойынша жеке айыпталушы А.Р-ның үстінен ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-тармағымен қозғалған қылмыстық іс қаралды. Жәбірленуші С.Т.-ның шағымына сай, сотталушы А.Р. 29.03.2016 жылы жәбірленушінің жұмыс орнында, яғни Мақтаарал ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында, көпшілік алдында айқайлап, оны қорлап, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен.

Сот залынан

29/09/2016

Қазығұрт аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК 378-бабының 1-бөлігінің, 379-бабының 1-бөлігімен сотталушы Т.Ш.-ге қатысты қылмыстық іс қарады.

Істі қарау барысында анықталғаны, сотталушы Т.Ш. полиция қызметкеріне бағынбаушылық танытып және оның ар намысына тиетін балағаттау сөздермен қорлаған.

Жұмысынан босатылған азамат өз қызметіне қайта орналастырылды

29/09/2016

15.09.2016 жылы Мақтаарал аудандық сотына талапкер К.Д.-нің  мемлекеттік еңбек инспекторының 29.02.2016 жылғы №04-ДК-02 санды нұсқаманы мәжбүрлеп орындату, жұмысқа қайта орналастыру және жұмысқа мәжбүрлі келмеу уақытына еңбек ақы төлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.