Архив событий

02/09/2016

Мас халде жол көлік оқиғасын жасаған

02/09/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Ж.С.-ға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаржыны өндіру жайлы азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды

02/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 01 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен «Амиров К.Б.»ЖК-нің  «Қазтеміртранс» АҚ-на қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

02/09/2016

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқық бұзушы К.Н.-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы К.Н. кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, оның алимент бойынша берешегі 341 627 теңгені құраған.

Маскүнемдікпен күрес

02/09/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында арызданушылар ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы «облыстық наркологиялық диспансері» МКҚК-нің алкоголизммен ауыратын науқас У-ны наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық істі қарады.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

02/09/2016

Қазығұрт аудандық сотының аға сот приставы К.Алимов «Күзет» қызметкерлерінің қатысуымен «Сот ғимаратында ішкі объектілік және өткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жанұя шырқын бұзған азамат мәжбүрлеп емдеуге жолданды

02/09/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында талапкер «Облыстық наркологиялық диспасер» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының  алкоголизмнің ІІ-сатысымен ауыратын Ж.М.-ты мәжбүрлеп емдеу жайлы азаматтық ісі қаралды.

Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірген қылмыстық іс тоқтатылды

02/09/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен айыпталып, сотқа берілген сотталушы А.Ж. жасаған қылмыстары үшін сотпен айыпты деп танылған. Алайда, сотталушы жәбірленушімен татуласып, ымыраға келген.