Архив событий

09/09/2016

Ордабасы аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу» тақырыбында семинар өткізілді

09/09/2016

Ордабасы аудандық сотында прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері және сот мамандарының қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу» тақырыбында 2016 жылдың 8 қыркүйегінде семинар  өтті.

Дау медиация тәртібімен реттелді

09/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер «Компания Шин Line» ЖШС-нің жауапкер «Дена Рахсаз Констракшн» ЖАҚ-нан қарызды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Алдын ала сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініші келіп түскен және медиация рәсімін сотта өткізуді сұраған.

Медияция тәртібімен келісім жасалынды

09/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Энерготеплопроект» ЖШС-нің  жауапкер «Дена Рахсаз Констракшн» ЖАҚ-нан 29 969 000 теңге қарыз ақшаны және 299 690 теңге тұрақсыздықты өндіру туралы талап арызы бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу негізінде азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Медиация кабинетінде кезекті «дөңгелек үстел» өтті

09/09/2016

Бүгін Отырар ауылдық округі әкімдік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде  «Дауды сотқа дейін жеткізбеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Отырар аудандық сотының төрағасы Б.Дүйсебеков, Шәуілдір ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен кәсіби емес медиаторлар және ауыл тұрғындары  қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін айыппұл салынды

09/09/2016

Кентау қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің 669-бабы  бойынша С.К.-ға  қатысты  әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, қалалық  соттың 2015 жылғы 13 қарашадағы үкіміне сәйкес азамат С.К.-ға 59 460 теңге айыппұл салынған.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

09/09/2016

Түлкібас аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған сотталушы М.А.-ға қатысты қылмыстық іс қарады. Істі қарау барысында, сотталушы М.А. 2016 жылдың 15 шілдесінде Тастұмсық ауылы, Биболаев көшесінің бойында есірткі зат тауып, жеке басына жарату мақсатында, үйінің бақшасына жасырып қойып, күнделікті шегу арқылы қолданып, «марихуана» есірткі затың өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны анықталған. Соттың 2016 жылдың 1 қырқүйектегі үкімімен М.А.

Абайсызда адам қағып сотталды

09/09/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында жаяу жүргіншіні қағып адам өліміне жол берген азамат Б.Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3- бөлігімен сотталды.