Архив событий

19/09/2016

Төлеби ауданы бойынша кәсіби емес медиаторлардың біліктілігін арттыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/09/2016

Төлеби ауданының Ленгер қаласындағы әкімшілік аппаратының ғимаратында аудандық соттың судьясы Г.Жанысбаева мен кәсіби емес медиаторлардың, аудандық және қалалық әкімі аппаратының және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен Төлеби ауданы бойынша кәсіби емес медиаторлардың біліктілігін арттыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Ашық есік күні»

19/09/2016

Сот жүйесінің ашықтығын, айқындығын, азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін жоғарылату және сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың қыркүйек айының 23 күні сағат 17:00-де Отырар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілетіндігін хабарлаймыз. «Ашық есік күні» өту кезінде барлық азаматтардға құқықтық көмек көрсетіліп, өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауаптар алуға мүмкіндік бар. 

Сот аталған азаматты оның жасаған іс-әрекетінен қылмыстың құрамы болмауына байланысты оны ақтады

19/09/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен бөтеннің сеніміне кіріп,  мүлкін қарызға алып, ақшасын қайтармай алаяқтық жасауына байланысты  Т.Ш.-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында судьяларға семинар сабағы өткізілді

19/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығы базасында аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының және азаматтық істер қарайтын судьяларының қатысуымен «Сот актілерінің дайындау сапасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Себепсіз өзінің танысын ұрған

19/09/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен сотталушы Ж.- ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс бойынша анықталғаны, сотталушы Ж. өзінің танысы жәбірленуші С.-ны себепсіз таяқпен бірнеше рет ұрып, қасақана денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қалалық соты азамат А.К.-ға қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қарады.

Қылмыстық істің мәні бойынша, азамат А.К. бөтеннің мүлкін яғни, жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші А.К.-ның сөмкесінде тұрған 15 000 теңгесін ұрлап, материалдық шығын келтірген.

Тұрғын жай бермей үйден шығарылды

19/09/2016

Еңбекші   аудандық соты талапкер Ә.Т.-нің жауапкер Д.С.-ны кәмелетке толмаған балаларымен басқа тұрғын жай берместен үйден шығару туралы азаматтық іс қарады.

Әкімшілік қамаққа алынды

19/09/2016

Төлеби аудандық соты Г.У.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қарады.