Архив событий

21/09/2016

«Медиацияны сотқа дейін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында жеке нотариустардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

21/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық  сотында  аудандық соттың судьялары мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, Түлкібас ауданы бойынша жеке нотариустардың қатысуымен «Медиацияны сотқа дейін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша екі тәулікке қамаққа алынды

21/09/2016

Созақ аудандық соты азамат Е.Е.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылқ туралы іс қарады.

Істі қарау барысында, құқық бұзушы Е.Е. 11.08.2016 жылы сағат 11:00 шамасында өз үйінде зайыбы Ж.Ж.-ға  орынсыз былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталған.

Медиацияның комегімен тағы да бір отбасы сақталып қалды

21/09/2016

Арыс аудандық соты талап қоюшы Н.А.-ның жауапкер О.З-ға заңды некені бұзу туралы азаматтық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде өтінішхатпен жүгінді, аталған келісімге сәйкес ерлі-зайыптылар өзара түсінісіп, отбасын сақтап қалуға міндеттенді.

Ойланбай істелген қылмыс

21/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты бұрын бірнеше рет сотты болған 1973 жылы туылған В.Д.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Баламен кездесудің тәртібі сот медиациясымен анықталды

21/09/2016

Мақтаарал аудандық сотында талапкер А.Б.-ның жауапкер Б.Н.-ға баламен кездесу тәртібін белгілеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды істі қарап жатқан судьяның медиация  тәртібімен реттеуін сұраған өтінштері түсті.

Сотта брифинг өткізілді

21/09/2016

Отырар аудандық сотында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында брифинг өткізілді. 

Брифингке аудандық соттың төрағасы Б.Дүйсебеков және «Отырар алқабы» газетінің өкілі қатысты.