Архив событий

26/09/2016

Материалдық көмек көрсетілді

26/09/2016

Ордабасы аудандық соты тарапынан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ордабасы» корпоративтік қоры» на материалдық көмек көрсетілді.  Аталған көмек 13 қараша «Халықаралық зағиптар күні» не орай көрсетілді. Аталған күн қоғамның зағип жандардың  өмірдегі мұқтаждықтарына назар аудару үшін атап өтіледі. Бұл күн Парижде және Санкт-Петербургта зағип балаларға арналған мектептерді өзінің есебінен  ашқан Валентин Гаюиның туылған күніне атап белгіленген.

«Семинар өткізілді»

26/09/2016

26.09.2016 жылы Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотында аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Жекеше айыптау тәртібімен қаралуға жататын арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және сотқа жолдау мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Медиация тәртібімен жанұя сақталды

26/09/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер Е.Г.-ның жауапкер М.Н.-дан неке бұзу туралы азаматтық іс қарады.

Сот отырысында  тараптар  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат берген.

Мемлекеттiң шекарасын заңсыз кесіп өткен

26/09/2016

Өзбекстан Республикасының азаматы 39-жасар Б.Т. 2016 жылдың 7 шілдесіндегі түнгі уақытта Сарыағаш ауданындағы №2020 әскери бөліміне қарасты «Ынтымақ» шекара заставасының №102 шекара белгісінің аумағында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден Өзбекстаннан Қазақстанға қарай өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен.