Архив событий

28/09/2016

Өзара ынытымақтастық туралы меморандум бойынша дөңгелек үстел өткізілді

28/09/2016

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының төрағасы аудан әкімшілігі ғимаратында орналасқан Медиация кабинетінде дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту мен өзара ықпалдастық туралы меморандумды іске асыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Медиация –жанжалдарды шешудің кілті

28/09/2016

Кентау қалалық сотында прокуратура, қоғамдық ұйымдар және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Медиация институтын қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Тауар таңбасын заңсыз пайдаланған

28/09/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 06.09.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны К.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 158-бабымен айыпты деп танылып, осы баппен Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің қоймасында сақтауда тұрған 7 дана «Card cleaner» тауар таңбасы бейнеленген химиялық тазартқыш заты тәркілеп соңынан жою арқылы қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 84 840 теңге әкімшілік айыппұл салынған. 

Қылмыстық іс тоқтатылды

28/09/2016

Ордабасы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің «1,2» тармақтарымен сотталушылар Э.Ә., Ж.М., Ж.Д.ның қылмыстық іс қарады.

Ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік медиация тәртібімен шешілді

28/09/2016

02.08.2016 жылы Мақтаарал аудандық соты жекеше айыптаушы - жәбірленуші Б.А-ның   шағымы бойынша жеке айыпталушы К.М-ның үстінен ҚР ҚК-нің 130-бабының 1,2-бөлігімен,  131-бабының 1,2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қарады. Жекеше айыптаушы - жәбірленуші Б.А.-ның   шағымында 2015 жылдың 25 қарашасында сотталушы К.М. көпшілік алдында өзін қорлағанын, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітті деп К.М-ты қылмыстық жазаға тартуды сұраған.