Архив событий

07/09/2016

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жазаланды

07/09/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотталушы М. «Жібек Жолы-Жетісай»  тас жолында, өзінің басқаруындағы «Audi-100» маркалы автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне шығып кетіп аударылған.

Мамандандырылған соттарға келушілерге қолайлы жағдай жасалды

07/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының басшылары тарапынан жергілікті соттарда судьялар мен мамандардың жұмыс істеуіне және сотқа келушілер үшін тиісті жағдайлар жасауға ұдайы көңіл бөлініп, тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Рөлді мас халде басқарған

07/09/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 02.09.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Г.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаупкершілік ретінде 3 жылға жүргізу куәлігінен айырылды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

07/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 6 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымымен «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің «KazakhConstructionIndustry» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Аудандық соттарда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырудың жаңа тәртібі түсіндірілді

07/09/2016

Бүгін Отырар, Бәйдібек, Сайрам, Төле би аудандық және Түркістан қалалық соттарында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс толтыру, хаттамада сақтандыру полисінің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді. Іс-шараларға жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе меңгерушілері, аудандық ішкі істер органдарының уәкілетті өкілдері қатысты.

Әкімшілік қамау қолданылды

07/09/2016

2016 жылғы 6 қыркүйекте Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы Т.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дау медиация тәртібімен реттелді

07/09/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Мәселен, аудандық сотпен тараптар арасындағы тағы бір дау медиация тәртібімен реттелді.

Арнайы лицензиясыз алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/09/2016

Сайрам аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі  бойынша азамат Б.И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б.И. шағын кәсіпкерлік субъектісі бола тұра рұқсатсыз, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметімен айналысуға лицензия алмай, алкоголь өнімдерін бөлшек саудамен сатқан.

Партисипативтік келісім бекітілді

07/09/2016

Түлкібас аудандық сотында талапкер Н.Ұ. жауапкер Т.Н. қыздың жасау мүлкін қайтару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Аталған іске екі жақтың қорғаушылары қатысты.