Архив событий

23/09/2016

Бейнедәріс барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары оқыту семинарын өткізді

23/09/2016

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы «Адамның және азаматтың конституциялық және өзгеде құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Онда облыстық соттың судьялары А.Қ.Керімшеев пен Т.А.Қадырбаев баяндама жасады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары  қатысты.

Жер дауларын қарау барысында туындайтын кейбір өзекті мәселелер талқыланды

23/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жер дауларын қарау барысында туындайтын кейбір өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Созақ аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясы аясында «Ашық есік күнін» өткізді

23/09/2016

Созақ аудандық сотында 2016 жылдың 5 тамызында аудандық соттың судьясы Б.Сагынтаев жергілікті халықтың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Медиация күні» республикалық акциясы аясында «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» өткізілді

23/09/2016

Отырар аудандық сотында  азаматтарды қабылдау күні өтті. Ашық есік күнін өткізудің басты мақсаты ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген сауалдарға жауап беру. Шараға қатысушыларды сот төрағасы Б.Дүйсебеков қабылдады.

Автокөлікті басқару құқығынан үш жылға айырылды

23/09/2016

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы О.Н.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы О.Н., Шымкент қаласы, Ленгір тас жолының бойында,  «Daimler Chrysler 201» үлгідегі автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде басқарған.