Жер дауларын қарау барысында туындайтын кейбір өзекті мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жер дауларын қарау барысында туындайтын кейбір өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Диханбаев, осы соттың судьялары прокуратура, Шымкент қаласының жер қатынастар бөлімі, Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара өткізу барысында Қазақстан Республикасының жер дауларын қарау барысында  өзекті мәселелердің ерекшеліктері  талқыланды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға толыққанды жауап беріліп, күн тәртібіндегі идеялар мен ұсынымдар келешекте сот жүйесінің дамуына дұрыс үлесін қосады деп күтіледі.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі