Архив событий

16/09/2016

«Ашық есік күні»

16/09/2016

26.09.2016 жылы Қазығұрт аудандық сотында №11 колледжі студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында аудандық соттың  кеңсе меңгерушісі А.Мелдебеков студенттерге сот жүйесінің мақсаты, құрылымы және жүргізіліп жатқан реформалары мен жетістіктері жайында баяндама жасап, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Медияция тәртібімен келісім жасалынды

16/09/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Энерготеплопроект» ЖШС-нің  жауапкер «Дена Рахсаз Констракшн» ЖАҚ-нан 29 969 000 теңге қарыз ақшаны және 299 690 теңге тұрақсыздықты өндіру туралы талап арызы бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу негізінде азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Алкогольмен мас күйінде автокөлік жүргізген

16/09/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 08.09.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, ол осы баппен 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

Пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық жасағаны үшін айыпты деп танылды

16/09/2016

Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы С.Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеген.

Семинар сабағы өтті

16/09/2016

     Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздікті сақтау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

    Іс-шараға сот төрағасы Ж. Балғанбеков, судьялар, кеңсе меңгерушісі, сот приставтары, ОҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ құрамы және сот мамандарының қатысуында өтті.

Сот жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

16/09/2016

Сайрам аудандық соты азамат Г.И.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Істі қарау барысында Г.И. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталған.

Қызметтік көрсеткішін көтеру үшін жалған құжат толтырып сотталды

16/09/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында, жасанды түрде өзінің қызметтік көрсеткішін көтеру үшін дәлелдемдерді бұрламау жолымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып қылмыс жасаған Д.Ж.-ға  қатысты іс қаралды.

Алкогольмен мас күйінде автокөлік жүргізген

16/09/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 08.09.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, ол осы баппен 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

Жеңгетайлық жасаған үшін сотталды

16/09/2016

Шымкент қаласы Абай аудандық соты Е.-ге қатысты сотқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен берілген  қылмыстық іс қарады. 

Партисипативтік келісім бекітілді

16/09/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы К.-ның жауапкер О.-ға баланы үш жасқа толғанша күтіп бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық ісі бойынша партисипативтік келісім бекітілді.