Қазақстан Республикасына келу тәртібінің талабын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өзбекстан Республикасының азаматы Х.М. Қазақстан Республикасына 15.06.2015 жылы келіп, белгіленген мерзімде шығып кетуден жалтарып, өз   әрекеттерімен Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының тәртібінің  талабын бұзып,  Қазақстан   Республикасы  ӘҚБтК 517-бабының 2-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық  бұзушы Х.М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2- бөлігімен кінәлі деп табылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған.

Қаулы заңды күшіне енгені жоқ.

          

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі