Архив событий

02/03/2015

Іс әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты ақталды

02/03/2015

Жекеше айыптаушы Р.К.,, сотқа айыпталушы Ж.Х., Қазақстан   Республикасы  ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жекеше шағым беріп, онда сотталушы Ж.Х.,  14.01.2015 жылы  сағат 17.00-шамасында, Мақтаарал ауданы, Мадениет ауылында орналасқан пошта торабының алдында, ауыл тұрғындарының көзінше былапыт сөздермен балағаттап, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, қорлағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін тиісті жазасын алды

02/03/2015

Сотталушы Б.Б. 2015 жылғы 10 ақпанда, сағат 16:00 шамасында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті Қожанов көшесінің бойында орналасқан қойма ішінде Р.К.-ні ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының 26.02.2015 ж. үкімімен Б.Б. ҚР ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен шешілді

02/03/2015

Жекеше айыптаушы Б.Э. сотқа айыпталушы Т.М.Қазақстан Республикасы ҚК-нің  108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы Т.М. 2015 жылғы 14 ақпанда сағат 21.00 шамасында Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан өз үйінде ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Бұзақылық жасап сотталды

02/03/2015

   28 қаңтар 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Е.Бименов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөліктеріне сәйкес және ҚР ҚК-нің 61-бабы 1-бөлігінің б)-тармағының талаптарына сәйкес, сотталған Е.К. Бименовке түпкілікті өтеуге 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуі белгіленген.

Судья қызметі – абыройлы

02/03/2015

         Ордабасы аудандық сотының судьясы Қалықұл Алтай Өміртайұлы «Ордабасы ауданына 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

         Судья А.Ө. Қалықұл Ордабасы ауданында қызмет істеген 13 жыл көлемінде мыңдаған істерді әділ қарап еліміздің Егемендігінің нығаюына елеулі қосып жүр.

         А.Ө. Қалықұл судья отбасында тәрбиеленіп, алған тәрбиесін қызметте және ұрпақ тәрбиелеуде ұтымды пайдаланып отырған азамат.

Көктемнің алғашқы күні тазалықтан басталды

02/03/2015
Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбековтың бастауымен көктемнің алғашқы күнінде аудандық сотта сенбілік күні өткізілді.
Аталған іс-шараға барлық судьялар мен мамандар толығымен қатысып, соттың ауласын күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.