Архив событий

05/03/2015

Тыл ардагері Жамал Шойбековамен кездесу

05/03/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотында тыл ардагері, 1941-1950 жылдары сот саласында қызмет еткен Жамал Шойбековамен кездесу өтті.          Аудандық соттың төрағасы Құнанбай Мұсаев ардагер судьяға сот ғимаратын аралатып, кейінгі уақытта сот жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді.

Аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті ұрлаған күдік бойынша «камауға алу» бұлтартпау шарасына санкция берілді

05/03/2015

    Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотымен 03 наурыз 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 4 бөлігінің «3» тармағымен күдікті В.Ровноға «қамауға алу» бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берілді.

Жауапкер сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жазаланды

05/03/2015
Сайрам аудандық сотының өндірісінде қаралып жатқан азаматтық іс бойынша жауапкер З.Кошаков сот отырысына бірнеше рет белгіленген тәртіппен шақырылған. Алайда З.Кошаков сотқа шақыру қағаздарын ала тұра белгісіз себептермен келмей, сотқа құрметтемеушілік білдірген. Осыған байланысты З.Кошаковқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот анықтаушыны жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіруді міндеттеді

05/03/2015
Сайрам аудандық сотының тергеу судьясымен арызданушы Е.Онаталапұлының Сайрам АІІБ-ның анықтаушысының әрекетсіздігіне берген шағымы қаралды.
Шағымды қарау нәтижесінде, онда көрсетілген уәждердің орны толығымен дәлелін тапты.