Архив событий

04/03/2015

Ағашты заңсыз кескені үшін сотталды

04/03/2015

Отырар аудандық сотымен 02.03.2015 жылы А.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, сотталушының 10.02.2015 жылы Отырар ауданы, Балтакөл ауылында жыңғыл ағашын заңсыз кескені анықталған.

Сот үкімімен А.Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Абай аудандық сотында брифинг өткізілді

04/03/2015

Бүгін Шымкент қаласының Абай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257-бабы 3-бөлігімен сотталған У.Ауелбеков пен М.Табировтің ісі бойынша шығарылған үкімге қатысты БАҚ құралдарының қатысуымен брифинг өткізілді.

Білім гранты бойынша оқу шығыны өндірілмеді

04/03/2015

03.03.2015 жылы Түркістан қалалық сотымен талапкер «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жауапкер О.Ф.-ға білім гранты бойынша оқу шығынын өндіру  туралы қаралған талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Талапкер «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жауапкер О.Ф.-дан  Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық  университетіне  ауыл квотасымен білім гранты бойынша 2008 жылдан 2012 жылдар аралығында оқу шығыны 1708442 теңгені өндіруді сұраған.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қарыз несие өндірілді

04/03/2015

Түркістан қалалық сотымен талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы жауапкер М.Г.-ге қойған  қарыз несиені өндіру туралы қаралған талап арыз қанағаттандырылды.

Талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы жауапкер М.Г.-ден 2013 жылғы 16 тамызда мал шаруашылығын  дамытуға 3 жыл мерзімге алған 2 400 000 теңге несие қарызды өндіруді сұраған.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.