Архив событий

10/03/2015

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қамаққа алынды

10/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық сотымен Қазақстан Республикасы көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін К.Ешенкулов қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында анықталғандай, ол Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, 2015 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы Абай АІІБ-нан тіркеуден өтіп, тіркеу барысында мекен-жайын Шымкент қаласы Абай ауданы деп көрсеткен.

Тәрбиешілердің айлық жалақысы өндірілді

10/03/2015

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотымен талапкер Ж.Артыкбаева, Н.Акрамова, А.Туребекова, Ш.Тургунбаева, С.Сулееваның жауапкер «Базаркүл апа» бөбекжай балабақшасы ЖШС-не айлық жалақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталды

10/03/2015

25 ақпан 2015 жылғы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен сотталушы К.Нурмаханбетов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылған.

Cотталушы К.Нурмаханбетов 2015 жылдың қаңтар 29 күні сағат 08.30-дар шамасында Леңгер қаласы, 2 мөлтек ауданы Қапал батыр көшесі бойындағы қағазға оралған салмағы 2,72 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын тауып алып, оны жеке басының  қажеттілігі үшін заңсыз иемденіп, өткізу мақсатынсыз сақтаған.

Қоғамдық орынды ластауға болмайды

10/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық соты А.О.Клышовтың әкімшілік ісін қарады.

Істің мән-жайына сәйкес, 2015 жылдың наурыз айының 4  күні 11  сағат 30 минут шамасында ОҚО Төлеби ауданы, Леңгер қаласы, Төлеби көшесінде орталық автовокзал аумағында А.О.Клышов қасақана пісте шағып, оның қалдығын жерге шашып тастап, осы ортақ пайдалану орынын ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

10/03/2015

Жекеше айыптаушы М.Кожантаева сотқа айыпталушы Б.Сапарбаевты Қазақстан Республикасы ҚК-нің  108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы Б.Сапарбаев 2015 жылғы  қаңтар айының 31 күні сағат 27.00-дер шамасында ОҚО Төлеби ауданы, Леңгер қаласында орналасқан өз үйінде ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.