Архив событий

31/03/2015

Пәтерді жалға алып алаяқтық жасаған

31/03/2015

  10 наурыз 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы С.Бекмуратова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 2 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бабымен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабының 3 бөлігін қолданып, тағайындалған жаза шартты деп есептелген.

Автокөлік құралын мас халде басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге автокөлік жүргізу куәлігінен айырылады

31/03/2015

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылының тұрғыны Б.А. өзінің автокөлігін мас халде басқарып кележатқан кезде полиция қызметкерлерімен ұсталып, әкімшілік хаттама толтырылып, іс Қазығұрт аудандық сотына түскен.

Сот актісін орындаудан жалтарғаны үшін айыппұл салынды

31/03/2015

ОҚО Сот актілерін орындау Департаментінің Қазығұрт аумақтық сот орындаушылар бөлімі құқық бұзушы Е.П. сот актісін орындамағаны үшін, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, оған шара көру үшін сотқа жолдаған.

Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берілді

31/03/2015

Күдікті Д.К. жеке кәсіпкерлік субьектісі бола тура, мүліктік пайда табу мақсатында, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей, 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңге мөлшеріндегі сомаға шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді жасап, мемлекетке ірі залал келтірген.

Медиация келісімі бекітілді

31/03/2015
Түркістан қалалық сотында азаматтық іс  медиация тәртібімен аяқталды.
Талапкер «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы жауапкер А.Б.-дан 15 623 теңге 52 тиын телефон қызметін пайдаланғаны үшін төлемақы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
Сотта талапкер өкілі жауапкермен медиация тәртібі бойынша татуласуына байланысты талаптан бас тартып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Алиментті уақытылы төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

31/03/2015

  Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін  (Сот үкімін, сот шешімін және өзге де сот актісін және орындау құжатын орындамағаны үшін)  азамат М.К. қатысты әкімшілік ісін қарады.

Медиация тәртібімен татуласты

31/03/2015

12.03.2015 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған Б.Жанабаева қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуларына байланысты, аталған қылмыстық іс, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөліміне сәйкес өндірістен қысқартылған.