Архив событий

12/03/2015

Сот актісін орындамағаны үшін қамауға алынды

12/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық сотының қаулысымен А.Халтаев 2014 жылдың  қазан айының 17-нен бастап, сот актісін орындамағаны үшін 5 тәулік мерзімге қамаққа алынды.

Істің мән-жайына сәйкес, құқықбұзушы А.Халтаев талапкердің пайдасына жасы кәмелетке толмаған балдарын асырап бағу үшін алимент  өндірілген. Алайда құқықбұзушы А.Халтаев 2014 жылдың қазан айының 17- нен бастап сот актісін орындамаған. 

Бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

12/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық сотының қаулысымен Ж.Тойшыбеков бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды.

Істің мән-жайына сәйкес, сотталған Ж.Тойшыбеков ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 03 сәуір 2014 жылғы үкімімен 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Төлеби аудандық қылмыстық атқару инспекциясының бақылауында болған, Ж.Тойшыбеков екі рет жаза өтеу тәртібін бұзған.

Игерілмей жатқан жер мемлекет мұқтаждығы үшін алынды

12/03/2015

Оңтүстік Қазақстан Облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 26.02. 2015 жылғы  шешімімен талапкер  Ордабасы ауданының прокурорының талап арызы қанағаттандырылды.

Жауапкер  «Еркін»  шаруа қожалығының 28,19 га жері соңғы 3 жылдан бері  игерілмей  жатқандықтан мәжбүрлі түрде мемлекет  мұқтаждығы үшін алынды.

"Ашық есік күні" өтті

12/03/2015

12 наурыз 2015 жылы Бәйдібек аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті. Аталған іс-шараға қатысуға Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары арнайы шақырылды. Шараны өткізудің басты мақсаты жас буын өкілдерінің құқықтық санасын көтеру және сот жүйесімен таныстыру болды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/03/2015

Түркістан қалалық сотының қаулысымен  ұрлыққа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық істің құжаттарымен анықталғаны сотталушы А.Ж. Түркістан қаласы, Автовокзал ауласындағы №4 асханада тамақтанып отырып, көрші үстелде тамақтанып отырған Ж.С.-ның үстелінде «NOKIA-206» маркалы ұялы телефонын көріп, жанына келіп «ұялы телефоныңызды бере тұрыңызшы, қызыммен сөйлесіп алайын»,-деп алдап, 15 000 теңгелік «NOKIA-206» маркалы ұялы телефонын алаяқтықпен алып, асханадан щығып кеткен.

Мылтықтан оқ атып бұзақылық жасаған

12/03/2015

   13 ақпан 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Д.Абдуллаұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 2 бөлігі, 293 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптармен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жаза шартты деп есептелген.

Көлік құралын басқару құқығынан айрылды

12/03/2015

Азамат С.А.Е 25.01.2015 жылы, сағат 13.05 минут шамасында Шымкент қаласы  Тауке хан және Елшібек батыр көшелерінің қиылысында «Audi C4» маркалы, мемлекеттік белгісі 312 ADA 13 санды  автокөлігін басқарып келе жатып, жол ережесімен тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шығып жүргізген, яғни ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 596-бабының 3-бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

12/03/2015
Талапкер «Банк Центр Кредит» АҚ-ы сотқа талап арыз беріп, онда 2014 жылдан заям келісім шартына  сәйкес өзінің міндетін орындаудан бас тартып банктың сұрауларына жауап бермеген, жауапкер М.А-н қарыз сомасы 5 425 626  теңгені және төленген мемлекеттік баж сомасы  162 768 теңгені өндіруді сұраған.