Архив событий

11/03/2015

Полиция қызметкерінің талаптарын орындамаған жүргізуші

11/03/2015

2015 жылғы 09 ақпанда Мақтаарал аудандық сотында Жетісай қаласының тұрғыны құқық бұзушы Е.А. қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 613-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Е.А., ағымдағы жылдың 9-қаңтарында сағат 11:20 шамасында Мақтаарал ауданы, Жетісай-Атакент тас жолының бойында өзінің басқаруындағы «Газ 31029» маркалы автокөлігімен Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерінің 2.3.2. тармағын өрескел бұзып, полиция қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Қоғамдық орында есірткі затын тұтынған

11/03/2015

Мақтаарал аудандық сотының  2015 жылғы 05 наурыздағы  үкімімен сотталушы М.Калназаров Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылған.

Іс құжаттарына сай, сотталушы М.Калназаров 2015 жылғы 17 ақпанда сағат 20:00 шамасында, Мақтаарал ауданының Қазыбек би ауылы, С.Төлегенов көшесі бойында есірткі заты «марихуананы» өзінің қалтасындағы газет қиындысына орап шегіп, қоғамдық орында тұтынған.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/03/2015

Жекеше айыптаушы М.Кадырова сотқа айыпталушы А.Сулейменовты Қазақстан Республикасы ҚК-нің  108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы А.Сулейменов 2015 жылдың  қаңтар айының 27 күні сағат 19.00-дер шамасында ОҚО Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылында орналасқан өз үйінде күйеуі ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

11/03/2015

06 наурыз 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен сотталушы А.Шералиев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылған.

 Cотталушы А.Шералиев 2015 жылдың ақпан айының 18 күні сағат 13.30-дар шамасында Леңгер қаласы, Амангелді көшесі бойында қағазға оралған салмағы 4,21 грамм кептірілген марихуана есірткі затын тауып алып, оны жеке басының  қажеттілігі үшін заңсыз иемденіп, өткізу мақсатынсыз сақтаған.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл салынды

11/03/2015

10 наурыз 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен Б.Тәжиев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылған.

Cотталушы Б.Тәжиев 2015 жылдың қаңтар айының 17 күні сағат 11.30-дар шамасында отбасы-тұрмыстық қатынастан туындаған өзара жек көру негізінде пайда болған ұрыс-керіс барысында өзінің зайыбы Қ.Молдабекке қарсы күш қолданып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

11/03/2015

10 наурыз 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен Б.Тәжиев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылған.

Cотталушы Б.Тәжиев 2015 жылдың қаңтар айының 17 күні сағат 11.30-дар шамасында отбасы-тұрмыстық қатынастан туындаған өзара жек көру негізінде пайда болған ұрыс-керіс барысында балдызы Ұ.Молдабекке қарсы күш қолданып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

ОҚО Төлеби аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттерді болдырмау, алдын-алу шаралары" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

11/03/2015

Дөңгелек үстел отырысына ОҚО Төлеби аудандық сотының төрағасы Б.С.Кәрім және аудандық соттың судьялары С-Д.М.Стамкулова, А.Е.Алшынбаев, Н.Смайлова, Төлеби ауданы прокурорының көмекшісі Н.Бахашбаев, Төлеби АІІБ-нің орынбасары полиция полковнигі Е.Тургымбеков, аудандық заң кеңсесінің адвокаттары А.Юсупов, Н.Байсапаров, Төлеби аудандық Әділет басқармасының бас маманы Н.Ажибаев, Төлеби аудандық ҚАИ-ның аға инспекторы М.Дауренбеков, және БАҚ өкілдері қатысты.

Қайтыс болған факті анықталды

11/03/2015

Отырар аудандық сотымен 10 наурыз 2015 жылы арызданушы С.Т. мүдделі жақ Отырар аудандық әділет басқармасына заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы қанағаттандырылды,

Жалған көлік құралын басқару куәлігін пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды

11/03/2015

Еңбекші аудандық соты үкімімен М.А. көлік құралын басқару құқығының айырылған тұлға бола тұра, жалған куәлікті пайдаланып көлік құралын басқарғаны үшін сотты болды.Сотталушы А.М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385 бабы 3 бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 150 / жүз елу сағатқа / қоғамдық жұмысқа тартылды.

         Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Шымкент қаласы Енбекші аудандық сотының баспасөз орталығы.

Мемлекет мұқтаждығы үшін алып қою

11/03/2015

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 16.02.2015 жылғы шешімімен талапкер Шымкент қаласы әкімдігінің жауапкер жеке кәсіпкер  Хасанова Айсулу Вакильқызына  жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қою туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды, себебі талапкермен жылжымайтын мүлікті алып қою тәртібі сақталмаған.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл

11/03/2015

 Түркістан қалалық сотында 05.03.2015 жылы жол көлік оқиғасына қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарына сай, құқықбұзушы Ж.А. 19 ақпан 2015 жылы  өзінің басқаруындағы «Опел Вектра» маркалы автокөлігімен Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі, №200 үйдің тұсында, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талабын сақтамай, азамат А.Т.-ның басқаруындағы «Лада-211440» маркалы автокөлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Осы жол көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге қатысты автокөлікке материалдық залал келтірілген.

Брифинг өткізілді

11/03/2015

Брифинг өткізілді

 

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотында 10.03.2015 жылы «Нарық Әлемі» аудандық газеті редакциясының редакторы Ж.Тлеуовтың және «Мақтарал» аудандық газеті редакциясының құқықтық бөлімі басшысы А.Тлеубековтың қатысуларымен брифинг өткізілді.

Халықаралық іздестіру жариялау санкцияланды

11/03/2015

Түркістан қалалық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған деп күдіктелген М.Е.-ге жүрген жері анықталмауына байланысты халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулыны санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.