Халықаралық іздестіру жариялау санкцияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған деп күдіктелген М.Е.-ге жүрген жері анықталмауына байланысты халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулыны санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.

Күдікті М.Е. 13.01.2015 жылы Түркістан қаласы, Б.Майлин көшесінің бойында орналасқан «ГҮЛМАРАЛ» азық-түлік дүкенінің алдында тұрған жәбірленуші Т.Д.-ның «ТАЙОТА КАРИНА» автокөлігінің алдына өзінің басқаруындағы «ВМБ» автокөлігін қойған. Содан жәбірленуші Т.Д. күдікті М.Е.-ге «автокөлігіңді алсай мен өтіп кетейін»-деп айтқан кезде М.Е. Т.Д.-ға «сен кімсің маған автокөлігіңді ал деп айтатын» деген болмашы сылтаумен, өзінің автокөлігінен атыс қаруын алып, «ТАЙОТА КАРИНА» автокөлігіне қарай бағыттап автокөліктің капотына бір рет атқан.

Қаулы заңды күшіне енген.        

 

 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі