Архив событий

30/03/2015

Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-нің талабы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды

30/03/2015

Талапкер «Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС сотқа талап арыз беріп, онда 10.11.2006 жылғы  №CREP09651/06-001 несие шартына сәйкес, жауапкерге 1 000 000 теңге несие сомасы берілгенін, алайда жауапкер өз міндеттемесін орындамағанын көрсетіп, жауапкер А.Г., 1 640 633 тенге қарыз сомасы мен 49 219 теңге төленген мемлекеттік баж сомасын өндіруді сұраған.

Төле би аудандық соты қайырымдылық акциясын өткізді

30/03/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би аудандық сотының төрағасы Б.Кәрімнің бастамасымен және аудандық сот ұжымының қолдауымен Төле би ауданындағы №2 балалар үйіне қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Аудандық соттың судьялары А.Алшынбаев, Н.Смайлова және кеңсе меңгерушісі Б.Қарыбаев пен  бас маман Н.Тажибаев аудандық соттың атынан Бірінші мамыр ауылында орналасқан №2 балалар үйіне барып, мектепке қажетті магнитті-маркерлі тақталар мен оқу-құралдарын тапсырды.

28 наурыз 2015 жылы Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында сенбілік өткізілді

30/03/2015

28 наурыз 2015 жылы Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында  сенбілік өткізілді

Іс-шараға аудандық соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Сот қызметкерлері соттың маңын жинастырып, ауладағы ағаштарды ақтап, тазалады.

Өзбекстан Республикасының үш азаматы Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

30/03/2015

Бүгін, Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты әкімшілік істерін қарады.

Көлік құралын басқару құқығынан 3 (үш) жылға айырылды

30/03/2015

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен  Б.Е. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

23.01.2015 жылы сағат 01.30-дар шамасында құқық бұзушы Б.Е. Сарыағаш қаласы, Смайлов көшесінде «Ваз 2106» маркалы көлікті мас күйінде жүргізген.

Жәбірленушілердің сеніміне кіріп алаяқтық жасаған

30/03/2015

  12.03.2015 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің «3»-тармағымен, 177-бабы 1 бөлігімен айыпталған Г.Шудабаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Жәбірленушілермен татуласуларына байланысты, аталған қылмыстық іс, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөліміне сәйкес өндірістен қысқартылған.