Архив событий

17/03/2015

Әкімшілік қамауға алынды

17/03/2015

Отырар аудандық сотымен 16.03.2015 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен М.Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дауды медиация тәртібімен шешті

17/03/2015

Мақтаарал аудандық сотының 16.03.2015 жылғы ұйғарымымен талапкер Н.Р. жауапкер А.А.-ден қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін жасауларына байланысты қысқартылды.

Келісім бойынша жауапкер А.А. қарыз болған 293 601 теңгені талапкер Н.Р. пайдасына 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап ай сайын 10 000 теңгеден құтылғанға дейін беріп тұруға міндеттеме алды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Жердің де сұрауы бар

17/03/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  16.02. 2015 жылғы  шешімімен талапкер  Ордабасы ауданының прокурорының талап арызы қанағаттандырылды.

Жауапкер  «Медина» ӨК-нен    6,96 га  суармалы  жер телімін  мақсатында   игермей  жатқандықтан мәжбүрлі түрде мемлекет  мұқтаждығы үшін алынды.

Электр қуатын пайдаланғаны үшін ақысын төлеуден жалтарған

17/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық соты өндіруші «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің борышкер У.Нуралиевтан электр қуатын пайдаланып, ақысын төлемегені үшін қарыз ақшаны  өндіру туралы арызы бойынша сот бұйрығын шығарды.

Істің мән-жайына сәйкес, жауапкер У.Нуралиев электр жарығын пайдаланғаны үшін  «Оңтүстік Жарық» ЖШС-не 60 673 теңге қарыз болып, осы соманы төлеуден жалтарып жүрген.

Жер салығын уақтылы төлемеген

17/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық соты талапкер Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкер К.Кузенбаевтан мемлекет пайдасына жер салығын өндіру туралы талап арызы бойынша шешім шығарды.

Істің мән-жайына сәйкес, жауапкер К.Кузенбаев өзінің жеке меншігіндегі Төлеби ауданы, Қасқасу ауылы Бейбітшілік көшесі №29 учаскесіне 2014 жылдың жер салығын уақтылы төлемеген.

Қысқартылған тәртіппен іс қаралды

17/03/2015

  Қазығұрт аудандық сотына талапкер «Қазақтелеком» АҚ талап арыз беріп, онда жауапкер К.К.-дан пайдаланған телефон қызметіне қарыз сомасы 8678 теңге және талапкермен төленген мемлекеттік баж алымы 260 теңге өндіруді сұраған.