Архив событий

19/03/2015

Сот залынан

19/03/2015

18 наурыз 2015 жылы Қазығұрт аудандық сотында арызданушы А.К.-ның қайтыс болу фактісін анықтау жайлы азаматтық ісі қаралды.

Жаңа төрағаның тағайындалуы

19/03/2015

Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.К.Шәріпов Арыс аудандық сотына жаңадан тағайындалған төраға Ертаев Ақылбек Қайыповичты сот ұжымына және құқық органдарының басшылары, БАҚ құралдарының өкілдеріне  таныстырды.

Медиация нәтижесінде тараптардың өзара қол жеткізген жазбаша келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды, жауапкер мемлекеттік баж төлеуден босатылды

19/03/2015
Түркістан қалалық сотында талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер жеке займ алушы Б.Т.-ға қойған 271 514 теңге  несие қарызын және мемлекеттік баж салығы 8145 теңге өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында талапкер өкілі А.Б. мен жауапкер Б.Т. сотта өзінің талапкер өкілімен кәсіби емес медиатор арқылы медиация жүргізіп дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгенін көрсетіп, осы шартты бекітуді, іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Созақ аудандық сотында сенбілік күні өтті

19/03/2015

Созақ аудандық сотында сот  қызметкерлерімен сенбілік күні өтті.  Сот қызметкерлері сот ғимаратының сыртын және аула тазалап,  басқада тазалық жұмыстары жүргізілді

Айыппұл салынды

19/03/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Д.К. ортақ пайдалану орындарын темекінің қалдығын жерге тастау арқылы ластап, қоғамдық тәртіпті бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 434-бабы 1- бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Медиатордың көмегімен іс тоқтатылды

19/03/2015
Сайрам аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігінде жауапкершіліг көзделген «Х.А.» есімді азаматқа қатысты қылмыс-тық теріс қылық туралы іс қаралды.
Істі қарау барысында тараптар медиатордың көмегімен татуласты.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталды

19/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық соты 17 наурыз 2015 жылы жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы М.Б. 30 қыркүйек 2013  жылы өзінің басқаруындағы «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігімен Төлеби ауданы, Момынай ауылы, Ақтас көшесінің бойында жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзып, жәбірленуші Ә.Үсіпхан қағып кетіп, нәтижесінде жәбірленушіге ауыр дене жарақатын алған.

Қылмыстық заңнаманың жаңа моделі талқыланды

19/03/2015

Мақтарал ауданының №2 аудандық сотында БАҚ-ның қатысуымен қылмыстық заңнаманың жаңа моделін талқылау сұрақтары бойынша брифинг болып өтті. Аталмыш тақырыпта аудандық соттың судьясы А.Шиндалиев ақпарат берді.

Жаңа тағайындау

19/03/2015

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17-ші наурызындағы  №1024 «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын құру және тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Дүйсебеков Құрманғали Дүйсебекұлы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қайтыс болған факті анықталды

19/03/2015

Отырар аудандық сотымен, 19 наурыз 2015 жылы арызданушы Е.Н. мүдделі жақ Отырар аудандық әділет басқармасына заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы қанағаттандырылды,

Аудандағы соттарға жаңа төрағалар тағайындалды

19/03/2015

Бүгін Мемлекет басшысының 17.03.2015 жылғы № 1024 Жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының жаңа төрағасы Тасболат Машрапов, аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының жаңа төрағасы Жақсыбек Оралбекұлы Балғанбековті таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті. 

Жаңа басшыларды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов таныстырды. Шараға аудандық соттар корпусы, аудан әкімі, аудан прокуроры, ауданымыздағы құқық қорғау және басқа да сала басшылары мен өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін сотталды

19/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық сотында 17 наурыз 2015 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабының 1- бөлігімен айыпталған М.Дуйсебаевтың қылмыстық ісін қарады.

Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы М.Дуйсебаев 2015 жылдың  ақпан айының 6 күні сағат 12.30-дар шамасында спирттік ішімдігін ішкен мас халде

Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

19/03/2015
Құқық бұзушы У.Турсунбаев Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларында тиым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан, яғни Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көрсетілген көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

19/03/2015

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 16.03.2015 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Х.К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-3-бабының 2-бөлігімен  кінәлі деп танылып, жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен қысқартылды.

Жүргізу құқығынсыз, алкогольдік мас күйде автокөлікті басқарып, бөтеннің мүлкіне залал келтіргені үшін жазаланды

19/03/2015

Шардара аудандық сотында азамат К.Б.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қаралып аяқталды

19/03/2015

Бәйдібек аудандық сотында талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер Н.О., телефон қызметін пайдаланғаны үшін 10 157 теңге қарыз ақшаны және мемлекет пайдасына төлеген баж салығы 503 теңгені өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Аталған, азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.