Архив событий

26/03/2015

Отбасылық ұрыс салдарынан ескерту жасалды

26/03/2015

 26 наурыз 2015 жылы Отырар аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен Қ.М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы Қ.М. 22.03.2015 жылы сағат 19-30 шамасында Отырар ауданы, Шәуілдір аулында өзінің үйінде жұбайы М.Р-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, тыныштығын бұзған.

Түркістан қалалық сотында баспасөз маслихаты өтті

26/03/2015

Түркістан қалалық сотының судьясы С.Абсаматов 2015 жылдың 2 айдың  қорытындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізді.Статистикалық мәліметтерге сай, есептік кезінде сот өндірісіне азаматтық істер бойынша 2014 жылдың 2 айында 812 арыз түссе, бұл жылы 1003 арыз түскен, оның ішінде сот кабинеті арқылы 60 арыз түскен, яғни арыздар көбейген.

Көлік құралын мас халде басқарғаны үшін сотты болды

26/03/2015

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен сотталушы О.Г. көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған бола тура, мас күйде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға белгілі бір қызметпен - көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Шымкент қаласы Енбекші аудандық сотының баспасөз қызметі

Соттың шешімімен жауапкер әкесі деп анықталды және алимент өндірілді

26/03/2015

Сотқа талапкер Қ.Ж., талап арыз беріп, талабында 01.06.1990 жылы туылған Қ.Е.-ден 02.05.2014 жылы туылған А-ның әкесі екенін анықтауды, А.-ның кәмелет жасына толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына барлық айлық табысынан 4/1 мөлшерде алимент өндіруді сұраған.

Сотқа жауапкер Қ.Е., талап арызды толық мойындап, А. өзінің баласы екенін, баласына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталды

26/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық соты 19 наурыз 2015 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған М.Бекеевтің  қылмыстық ісін қарады.

Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы М.Бекеевтің 2015 жылдың ақпан айының 19 күні сағат 16.00-дер шамасында Леңгер қаласы, Бекбауов көшесі бойында қағазға оралған салмағы 4,46 грамм кептірілген марихуана есірткі затын тауып алып, оны жеке басының  қажеттілігі үшін заңсыз иемденіп, өткізу мақсатынсыз сақтаған.

Дауды медиация тәртібімен шешті

26/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық сотының 05.03.2015 жылғы ұйғарымымен талапкер Ж.Тлемисовтың жауапкер Б.Сатыбалдиевтен қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін жасауларына байланысты қысқартылды.

Келісім бойынша жауапкер Б.Сатыбалдиев қарыз болған 360 000 теңгені талапкер Тлемисов Ж. пайдасына 2015 жылдың мамыр айына дейін құтылуға міндеттеме алды.

Заңсыз алкоголь өнімдерін сатушылар жазаланды

26/03/2015

26.03.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушылар Д.А.Китеров, З.А.Рашидова, Н.Г.Губашевтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 235-бабының 2,3-бөліктерімен, 222-бабының 3-бөлігімен, 208-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танылып, Д.А.Китеровқа 8 (сегіз) жыл 6 (алты) ай, З.А.Рашидоваға 5 жыл және Н.Г.Губашевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотта анықталғандай, 2012-2013 жылдар аралығында ЖШС «Vin House» және ЖШС «Тутынушы» ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жалған есеп-бақылау маркалары арқылы (заңсыз түрде) алкогольді тауарды дайындау және сатумен айналысып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген.

Сондай-ақ сот үкімімен ұқыпсыздық танытқаны үшін сол кезде осы кәсіпорындардың акциздік қызметінде жұмыс жасап, жеткіліксіз түрде қызмет көрсетіп жүрген 7 салық инспекторына 1 жылдан бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Тілшілермен кездесу

26/03/2015

Бүгін 26.03.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қарабаев заңсыз түрде алкоголь өнімдерін жасап, жалған есеп-бақылау маркаларын пайдалану арқылы сатумен айналысқан үшін айыпталған Д.А.Китеров және тағы басқаларға қатысты үкім жариялады. Үкім жарияланған соң судья А.Қарабаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру үшін брифинг өткізді.

Сенбілік өткізілді

26/03/2015

Түркістан қалалық сотында сенбілік өткізілді.

Сенбілік кезінде ғимарат іші мен айналысы,  тротуарлар тазаланып, тал отырғызылды, темір шарбақтар боялды.

Сот тарапынан несие қарызы өндірілді

26/03/2015

01.03.2012 жылғы «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-мен жауапкер И.Д.-ның араларында жасалған, шағын несие беру туралы келісім шарт негізінде жауапкерге 3 жылға, 9,5 % сыйақысымен 1 000 000 теңге  мөлшерінде шағын несие берілген. Келісім шарт бойынша жауапкер шағын несие мен сыйақыны шартта көзделген тәртіппен және өз мерзімінде төлеуге міндетті болған.

Сот тарапынан заңды маңызы бар фактісі анықталды

26/03/2015

Сарыағаш ауданының тұрғыны Г., сотқа арыз тапсырып, онда өзінің жұбайы Б.,-ның қайтыс болғанын анықтауды сұраған.

Сот отырысында, арызданушы өзінің 28.05.1975 жылы туылған жұбайы Б., 29.01.2015 жылы Қызылорда қаласында науқастанып қайтыс болғанын, алайда жұбайының қайтыс болғаны азаматтық хал актілерін жазу органдарына уақтылы тіркелмегендіктен, қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартылып, жұбайына қатысты қайтыс болу туралы куәлік берілмегенін көрсетті.

Соттың шешімімен алимент өндірілді

26/03/2015

Сотқа талапкер У.Г., талап арыз беріп, талабында 28.02.1986 жылы туылған Б.А.-ны 25.08.2014 жылы туылған Ү-нің әкесі екенін анықтауды, Ү.-нің кәмелет жасына толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына барлық айлық табысынан 4/1 мөлшерде алимент өндіруді сұраған.

Сотқа жауапкер Б.А., талап арызды толық мойындап, Ү. өзінің баласы екенін, баласына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.

Тұрғын үйге меншік құқығы танылды

26/03/2015

Талапкер Н.К., жауапкер Сарыағаш ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімінің аппаратына келтірген, тұрғын үйіне меншік құқығын тану туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сотта анықталғандай, талапкер Н.К., Сарыағаш ауданы, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылында тұрғын үй салып, осы күнге дейін пайдаланып келген.

Бірлік ауыл әкімінің шешімімен талапкер Н.К-ге аталған тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмегендіктен жер участкесіне шешім беруден бас тартқан болатын.

Соттың шешімімен жауапкер әкесі деп анықталды және алимент өндірілді

26/03/2015

Сотқа талапкер Д.З., талап арыз беріп, талабында 10.01.1982 жылы туылған Х.М.-ны 05.01.2006 жылы туылған Г-ның әкесі екенін анықтауды, Г.-ның кәмелет жасына толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына барлық айлық табысынан 4/1 мөлшерде алимент өндіруді сұраған.

Сотқа жауапкер Х.М., талап арызды толық мойындап, Г. өзінің баласы екенін, баласына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.