Архив событий

14/03/2015

Талапкерлер соттың әділ шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді

14/03/2015

        

          Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының шешімі бойынша  талапкерлер - «Базаркүл апа» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері Н.Акрамова, А.Туребекова, Ш.Тургунбаева және медбике С.Сулееваның жауапкер «Базаркүл апа» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нен айлық жалақыларын өндіру жайлы талаптары қанағаттандырылды.

         Жоғарыда аталған талапкерлер еңбек ақылары толық өндіріліп, әділ шешім қабылданғаны үшін сотқа алғыс білдірді.

 

         Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сарыағаш аудандық сотының қызметкерлері сенбілікте

14/03/2015

Тазалық- денсаулық кепілі. 2015 жылдың 14 наурыз күні Сарыағаш аудандық сотында сенбілік өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары мен мамандары соттың маңын жинастыруға қатысып, белсенді жұмыс ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері айналадағы ағаштарды әктеп, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазартып, ағаштар отырғызды.