Архив событий

03/03/2015

Электрондық сот іс жүргізуінің дамуы

03/03/2015

 

     Бүгін Сайрам аудандық сотының ұйымдастырумен электрондық сот іс жүргізуі жөнінде семинар өткізілді. Аталған іс-шараға адвокаттар, медиаторлар, мемлекеттік мекеме, банк, шағын несие ұйым, «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің және «Казақтелеком» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Қылмыстардың алдын алу шараларын күшейту туралы

03/03/2015

Бүгін облыстық прокуратураның заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінде облыстық соттың төрағасы Н.Шәріповтың ұсынысымен «2014 жылғы облыс көлеміндегі қылмыстылықты, оның ішінде соттарда қаралған қылмыстық істерді талдау негізінде, қылмыстардың алдын алу шараларын одан әрі күшейту қажеттілігі» тақырыбында мәжіліс өтті.

Есірткі саудагерінің жазасы

03/03/2015

03.03.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен айыпты деп танылып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіленді.  

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

03/03/2015

Түркістан қалалық сотының тергеу  судьясы Д.Бейсембекованың қаулысымен Түркістан ҚІІБ-ның тергеушісінің, Түркістан қалалық сотына Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған деп күдіктелген М.Е.-ге қатысты сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасап бас бостандығынан айырылды

03/03/2015

02.03.2015 жылы Отырар аудандық сотында Б.Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы Б.Қ. 03.10.2014 жылы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында Ауди-100 маркалы автокөлігімен жол көлік оқиғасын жасап соның салдарынан екі жолаушы қаза болып, біреуі ауыр жарақаттанған.

«Банк Хоум Кредит» ЕБ АҚ-ның талабы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды

03/03/2015
Талапкер «Банк Хоум Кредит» ЕБ АҚ сотқа талап арыз беріп, онда 22.06.2014 жылғы телекоммуникация қызметтерін көрсету туралы үлгілік шарт негізінде, жауапкер С.Е. 2014 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығындағы қызметіне ақшасын төлемегендігін, 06.11.2014 жылғы талабына жауап бермегендігін көрсетіп, жауапкерден  көрсетілген аралықтағы байланыс желісі бойынша қарыз сомасы 111 112 теңгені және төленген мемлекеттік баж сомасы  3 333 теңгені өндіруді сұраған.