Архив событий

16/03/2015

Судья брифинг өткізді

16/03/2015

Арыс аудандық сотының судьясы А.Қосмұратов, «Қызыл кітапқа» енгізілген қарақұйрықты атқан Е.Пернебаевтың қылмыстық ісі бойынша, жергілікті «Арыс толқындары» телеарна тілшілерімен брифинг өткізді. 

Соттың шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

16/03/2015
Сайрам аудандық сотының 07.06.2013 жылғы сот шешімінің негізінде Н.Мавлановтың барлық табысынан талапкер С.Ахмедованың пайдасына 1/4 бөлікте алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған. Алайда Н.Мавланов алиментті уақытылы төлемегендіктен оның С.Ахмедоваға берешек қарызы осы күнге дейін 340 400 теңгені құраған.

Арыс аудандық сотында сенбілік өткізілді

16/03/2015

14 наурыз 2015 жылы Арыс аудандық сотының қызметкерлерімен сенбілік өткізілді. Сенбілікте сот қызметкерлері сотқа тиесілі аумақты тазалап, ағаштарын ақтап, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазартты.

Билетсіз өткен шетелдік жолаушы әкімшілік қамауға алынды

16/03/2015

 2015 жылғы 12 ақпанда Түркістан қалалық сотының қаулысымен шетелдік азамат  М.А.  әкімшілік қамауға алынды.

Әкімшілік іс материалдарына сай, шетелдiк - Өзбекстан Республикасының азаматы М.А.  12.03.2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағына кіріп, жолаушы поездбен билетсіз өтіп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамай, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Адам өлтіру күдік бойынша «камауға алу» бұлтартпау шарасына санкция берілді

16/03/2015

  Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотымен 15 наурыз 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 бөлігімен күдікті А.Ордабаев «қамауға алу» бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берілді.

Қылмыстық іс жүргізу медиация тәртібімен қысқартылды

16/03/2015

Сарыағаш аудандық сотына Д.Ш. деген азамат өзінің ауылдасы Т.С. деген азаматты жекеше айыптау туралы шағым беріп, онда өзінің кәмелет жасына толмаған баласын айыпталушы Т.С-ның ұрып-соғып, баласының денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтіргенін көрсеткен, сондықтан Т.С-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін жазаланды

16/03/2015

Сарыағаш аудандық сотының өндірісіне қылмыстық теріс қылық туралы іс түскен. Оқиға желісіне қарағанда сотталушы О.Ж. 2015 жылғы 10 ақпанда күндіз Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағы маңынан иісі бар өсімдік тектес зат оралған орамды тауып алған, есірткіге ұқсас екенін біліп реті келгенде өзінен үлкен ағаларына көрсетпекші болып ол бұл затты шалбарының қалтасына салып алған, алайда сол күні түнгі мезгілде жол бойында полиция қызметкерлері жүргізген тексеру кезінде осы зат оның қалтасынан табылған.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тартылды

16/03/2015

Шардара аудандық сотының өндірісіндегі азаматтық іс бойынша сот отырысы 10.03.2015 жылы сағат 17:00-ге тағайындалып, осы іс бойынша сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер Ли Цзянго сот отырысына алкогольдік мас күйде келіп, сотқа құрметтемеушілік білдірген.

«Тергеу судьясының өкілеттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/03/2015

2015 жылғы 13 наурыз күні Шымкент  қаласының  Еңбекші  аудандық  сотында «Тергеу судьясының өкілеттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. БАҚ арқылы көпшілікке тергеу судьясының жұмысы туралы түсіндіріп беруге арналған дөңгелек үстелге Еңбекші аудандық сотының судьялары, Оңтүстік Қазақстан облысы адвокаттар кеңсесінің  және БАҚ өкілдері қатысты.

Ауыр дене жарақатын салғаны үшын сотталды

16/03/2015

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 10.03.2015 жылғы үкімімен азамат К.А. денсаулыққа қасақана залал келтіргені және өзге мүлікті ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сенбілік күні өткізілді

16/03/2015

14 наурыз 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотының сотының судьялары мен сот қызметкерлері сенбілік жұмысын өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында сенбілік өткізілді

16/03/2015

2015 жылдың 14 наурыз күні Шардара аудандық сотында сенбілік өткізілді.

Сенбілікке аудандық соттың судьялары мен мамандары белсенді қатысты.

Сот қызметкерлері сотқа тиесілі аумақты тазалап, ағаштарын ақтап, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазартып, жас ағаштарды отырғызды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені сотталды

16/03/2015

13 ақпан 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотының үкімімен Ф.Ибрагимов денсаулыққа қасақана ауыр зиян кінәлі деп танылды.

Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы Ф.Ибрагимов 2014 жылдың қараша айының 25 күні сағат 20.00-дер шамасында Төлеби ауданы Қамшақты ауылында жеке бас араздық салдарынан өзінің танысы Б.Набиевке қарсы күш қолданып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Айналамыздың тазалығы – жанымыздың тазалығы

16/03/2015

Сенбілік - тазалықтың төресі. 14 наурыз 2015 жылы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы сенбілік күнін өткізді.

Ұйым­шылдық деген сол. Сен­білікке қатысушылардың белсенді еңбегінің нәтиже­сінде бірнеше сағат ішінде сот ғимаратының айналасы тазаланып, төңірегіндегі қоршаулармен ағаштар әктеліп, арық жүйелері қоқыстан тазартылып шықты.

Сенбілік күні өткізілді

16/03/2015

14.03.2015 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары мен сот қызметкерлері сенбілік жұмысын өткізді.

Сарыағаш аудандық сотының қызметкерлері сенбілікте

16/03/2015

Тазалық- денсаулық кепілі. 2015 жылдың 14 наурыз күні Сарыағаш аудандық сотында сенбілік өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары мен мамандары соттың маңын жинастыруға қатысып, белсенді жұмыс ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері айналадағы ағаштарды әктеп, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазартып, ағаштар отырғызды.  

 

Мас халде болған айқай-шу

16/03/2015

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 04.03.2015 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны К.М. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Ұсақ бұзақылық жасау

16/03/2015

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 02.03.2015 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны  Ю.У. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 19820 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Аудандық сотта сенбілік күні өткізілді

16/03/2015

Көктемнің алғашқы күндерінде Отырар аудандық сотында сенбілік күні өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьялары мен мамандары толығымен қатысып, соттың ауласын күл-қоқыстардан тазарту, жерді қопсыту және ағаштардың дұрыс өсуіне жұмыстар жүргізді.