Архив событий

06/03/2015

Медиатордың көмегімен келісімге келді

06/03/2015

Талапкер А.Б., сотқа келтірген талап арызында, ОҚО нотариаттық округінің нотариусы А.И.-мен куәландырылған 20.11.2012 жылғы №5803 санды заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп танып, оның Сарыағаш аудандық әділет басқармасындағы 21.11.2012 жылғы тіркелуін бұзуды сұраған.

Аталған азаматтық ісі сотта қарау барысында тараптар медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды реттеу туралы сотқа жазбаша келісім жасап, ол келісім шартты бекітуді сұраған.

Көктемнің алғашқы мерекесі

06/03/2015
Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Сайрам аудандық сотында салтанатты жиын өтті.
Мерекелік жиын барысында сот төрағасы Б.Е.Тыныбеков пен ұжымдағы ерлер қауымы нәзік жандарға өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, сый сиапат табыстап, салтанатты түрде құттықтады.

№4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік сый жасалды

06/03/2015

Сарыағаш аудандық соты, аудандық №2 соты және аудандық мамандандырылған әкімшілік соттарының ұжымы атынан Сайрам ауданында орналасқан №4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік сый жасалды.

Сарыағаш балалар шипажайының бас есепшісіне қатысты санкция берілді

06/03/2015

Сарыағаш аудандық сотының 04.03.2015 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен күдікті 19.01.1964 жылы туылған Б.Ерманованы күзетпен ұстау бұлтарпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берілді.

Күдікті  Б.Ермановаға 1 500 000 теңге мөлшерінде кепіл айқындалған.

Сот шешімімен мемлекеттік бюджетке қаржы қайтарылды

06/03/2015

26.02.2015 жылы Түркістан қалалық сотында Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің азамат И.М-нен «Ауылға дипломмен» бағдарламасы аясында жасалған келісім шарт негізінде бөлінген 98 910 (тоқсан сегіз мың тоғыз жүз он) теңгені мемлекеттің пайдасына өндіру туралы талап арыз қаралды.

Жауапкер И.М. соттың тиісті түрде шақыруына қарамастан, сотқа келмеді. ҚР АІЖК-нің 187-бабы 4-бөлгінің талабына сай іс жауапкердің қатысуынсыз қаралды. 

Шуақты мереке қарсаңында

06/03/2015

Бәйдібек аудандық сотында 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы құттықтау сөзінде: «Отбасы Отаннан басталады. Ал, әйелдер отбасының арқауы. Сіздер аяулы ана, сүйікті жар ғана емес, еліміздің дамуына және өркендеуіне, қоғамда тыныштық пен тұрақтылықты нығайтуға айрықша үлес қосудасыздар» - деп атап өтті.

Жол көлік оқиғасында жасөспірім қыздың өліміне қатысты жүргізушіге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

06/03/2015

Сарыағаш аудандық сотының 05.03.2015 жылғы үкімімен М.Джумабековке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ОҚО сотында салтанатты жиын өтті

06/03/2015

Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үлкен мәжіліс залында мерекеге арналған салтанатты жиын өтті. Оған ОҚО сотының басшылары мен судьялары, облыстық сот кеңсесінің басшылары, сот жүйесі ардагерлерінің әйелдер қауымы, аудандық соттардың судьялары, мамандары және қызметкерлері қатысты.