Архив событий

13/03/2015

ЖК Идрисов К.Т. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды.

13/03/2015

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 02.03.2015 жылғы  шешімімен   ЖК Идрисов К.Т.  мемлекеттік сатып алуға  жосықсыз қатысушы  деп танылды.

Жауапкер жеке кәсіпкер  Идрисов Камалходжа  мемлекеттік сатып алуға  жарияланған байқау жеңіпазы бола тұра, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарт жасаудан жалтарғаны үшін сот талапкер  «Ревизионной комиссии по городу Астане»  мемлекеттік мекемесінің талап арызын  қанағаттандырды.

Бұлтартпау шарасы санкцияланды

13/03/2015

13 наурыз 2015 жылы ОҚО Сарыағаш аудандық сотының тергеу судьясымен 1981 жылы туылған азамат С-қа 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтарпау шарасына санкция берілді.

Күдікті С. өзінің танысы 1986 жылы туылған А-ның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып ұялы телефонын ашық тартып алған деп күдіктенеді.

Күдіктіге Қазақсан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 148-бабының 8-тармағына сәйкес бір миллион теңге мөлшерінде кепіл айқындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Х а б а р л а н д ы р у

13/03/2015

Отырар аудандық сотында 2015 жылдың 31-наурыз күні сағат  17:00-де сот төрағасы Б.Дүйсебеков 2015 жылдың І тоқсанында Отырар аудандық сотынында атқарылған жұмыстарының қорытындысы жайлы баспасөз  мәслихатын өткізетінін хабарлаймыз.