Архив событий

18/03/2015

Көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшлікі жолмен шығарылды

18/03/2015
Сайрам аудандық сотының 13.03.2015 жылғы қаулысымен «Ш.А.» деген азаматша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 5 бөлігін, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығару туралы жаза тағайындалды.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен сомма өндірілді

18/03/2015
Сайрам аудандық сотының 12.03.2015 жылғы шешімімен талапкер «Дебиторлармен жұмыс бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына «А.У» деген жауапкерден қарыз соммасы 491 551,70 тенге өндірілді. Аталмыш азаматтық іс Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 13-1 тарауының талаптары сақтала отырып қаралды.

Шетелдік жолаушы қамауға алынды

18/03/2015

Түркістан қалалық сотының қаулысымен шетелдік азамат  А.Е.  әкімшілік қамауға алынды.

Әкімшілік іс материалдарына сай, шетелдiк - Өзбекстан Республикасының азаматы А.Е.  11.03.2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағына кіріп, жолаушы поездбен билетсіз өтіп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамай, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Істерді мемлекеттік тілде қарау мәселелері

18/03/2015

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының және тіл тұғырын нығайту мақсатында қабылданған басқа да құжаттардың орындалуына бар ынта-жігерін салып жүргендердің бірі – Мақтарал ауданының № 2 аудандық сотының  ұжымы.

Осы соттың судьясы А.Шиндалиевтің төрағалық етуімен Мақтарал АІІБ-ның 2 ПБ-нің, сондай-ақ, жергілікті коммуналдық қызмет көрсету мекемелері өкілдерінің және қорғаушылардың қатысуымен «істерді мемлекеттік тілде қарау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

18/03/2015

18.03.2015 жылы Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.Ж.Ниязбеков Мақтаарал АІІБ-ның 2-ПБ-нің қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы ӘҚБтК бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу және материалдарды сотқа жолдау» және «Қазақстан Республикасы ҚПК бойынша жекеше айыптау істерін қарау тәртібі» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде күн тәртібіне қойылған сұрақтар бойынша кездесетін мәселелер талқыланды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген

18/03/2015

  18 ақпан 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Е.Алимов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  106-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

18/03/2015

Жеке айыптаушы М.Искакова сотқа айыпталушы А.Кожагулованы Қазақстан Республикасы ҚК-нің  108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы А.Кожагулова 2015 жылдың   ақпан айының 12 күні күндізгу уақытта ОҚО Төлеби ауданы, Леңгер қаласында орналасқан өз үйінде отбасылық-тұрмыстық қатынастан туындаған ұрыс-керіс барысында немересін ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

ОҚО Төлеби аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

18/03/2015

Бүгін, ОҚО Төлеби аудандық сотында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ай сайын «Ашық есік күнін» өткізу жолға қойылған.

Осыған байланысты сотта аталған шара өткізіліп, сот төрағасы мен судьялар келушілерді қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Шымкент қаласында Қаратау аудандық соты құрылды

18/03/2015

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын құру және тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» №1024 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты құрылды.

Аудандық сот 2015 жылдың 26 наурызынан бастап қызметіне кіріседі.

Бөтен мүлікті ашық тонағаны үшін сотталды

18/03/2015

Созақ аудандық сотының үкімімен сотталушылар: А.Т. мен А.Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 178 бабы 2 бөлігінің «а», «в» тармақтарымен кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 3 (үш) жыл 6 (алты) ай және 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандықтарын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Әкімшілік қамауға алынды

18/03/2015

Созақ аудандық сотында 10.02.2015 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330 бабы 2 бөлігімен А.Е - ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Заңдық маңызы бар факті анықталды

18/03/2015

Созақ ауданының  тұрғыны С.Б. сотқа арыз беріп, онда өзінің тегі қате көрсетілген еңбек кітапшасын өзіне тиесілі екендігі туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұраған.

Сот отырысында, арызданушының атына 01.08.1988 жылы толтырылған еңбек кітапшасында оның тегі қате жазылып, нәтижесінде, оның жеке куәлігіндегі тегі мен атына сәйкес келмейтіні анықталды.

Созақ аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

18/03/2015

Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар және кәсіби медиаторлар қатысты. Жиын барысында аудандық соттың төрағасы Н.Құламқадырұлы 2013-2014 жылдарға медиация тәртібімен қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге салыстырмалы түрде талдау жасады. 

Дөңгелек үстел өткізілді

18/03/2015
16 наурыз 2015 жылы Абай аудандық сотында Жаңа қылмыстық процесстік кодекстің сотқа дейінгі тергеп, тексеретін, анықтаушы органның іс-әрекеттері жөнінде талқылау туралы дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Абай аудандық ішкі істер бөлім басшылары мен Абай аудандық сотының төрағасы Т.Бекімбетов, судьялар С.Айнабеков, С.Бейсенбеков қатысуларымен өтті. Барлық қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріліп, пікір алмасты.