Архив событий

27/03/2015

Сот залынан

27/03/2015

27.03.2015 жылы Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен С.Е. қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Түркістан қалалық сотында «ашық есік» күні өткізілді

27/03/2015

Бүгін Түркістан қалалық сотында  сот жүйесінің ашықтығын бейнелеу  және дарынды жастарды болашақта мемлекеттік қызметке түсу конкурстарына тарту мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «ашық есік күні» өткізілді.

ОҚО сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

27/03/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген

27/03/2015

  Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 03 наурыз 2015 жылы шыққан үкімімен А.Нарымбетов ҚР ҚК-нің 103-бабы 2 бөлігінің «ж» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуі белгіленген.

Қайырымдылық көмегі көрсетілді.

27/03/2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен Сайрамдағы №4 балалар үйіне облыс соттары қауымдастығы тарапынан тұрақты қамқорлыққа алу жөніндегі ұсынысы негізінде, жоспарға  сәйкес 2015 жылдың наурыз айында Сайрамдағы №4 балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға қайырымдылық көмегі  көрсетілді.

ІС БІТІМГЕРШІЛІКПЕН АЯҚТАЛДЫ

27/03/2015

ОҚО Төлеби аудандық сотының 18.03.2015 жылғы ұйғарымымен талапкер Р.Жумагулованың жауапкер П.Жумагуловтан жұбайлардың ортақ меншігіндегі мүліктерді бөлу туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс тараптардың дауды бітімгершілік келісімін жасауларына байланысты қысқартылды.

Келісім бойынша жауапкер П.Жумагулов ортақ мүліктерінен үлес ретінде 5 500 000 теңгені 01.06.2015 жылғы дейін құтылуға міндеттеме алды.

СОТ ҚАЙТЫС БОЛУ ФАКТЫСЫН АНЫҚТАДЫ

27/03/2015

13 наурыз 2015 жылы ОҚО Төлеби аудандық сотында арызданушы К.Жолдасовтың қайтыс болу фактісін анықтау жайлы азаматтық ісі қаралды.

Аталған іс бойынша арызданушы К.Жолдасов өзінің әкесі 2015 жылдың қаңтар айының 16 күні қайтыс болған.

Жол патрульдік полициясы полкінің полицейі қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған

27/03/2015

  Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 06 наурыз 2015 жылы шыққан үкімімен А.Маликов ҚР ҚК-нің 307-бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген. ҚР ҚК-нің 41 бабының 2 бөлігіне сай, сотталған А.Маликов 3 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесінде қызмет атқару құқығынан айырылған.