Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Түркістан қалалық сотында 05.03.2015 жылы жол көлік оқиғасына қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарына сай, құқықбұзушы Ж.А. 19 ақпан 2015 жылы  өзінің басқаруындағы «Опел Вектра» маркалы автокөлігімен Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі, №200 үйдің тұсында, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талабын сақтамай, азамат А.Т.-ның басқаруындағы «Лада-211440» маркалы автокөлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Осы жол көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге қатысты автокөлікке материалдық залал келтірілген.

Сот қаулысымен Ж.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танылып,  10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 19 820 теңге көлемінде айыппұл  салынды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: