Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Брифинг өткізілді

 

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотында 10.03.2015 жылы «Нарық Әлемі» аудандық газеті редакциясының редакторы Ж.Тлеуовтың және «Мақтарал» аудандық газеті редакциясының құқықтық бөлімі басшысы А.Тлеубековтың қатысуларымен брифинг өткізілді.

Брифинг өткізу барысында аудандық сот төрағасы 2014 жылы және 2015 жылдың ақпан айында сотта қаралған істер бойынша және медиация тәртібімен қаралған істер бойынша салыстырмалы түрде мәлімет беріп, сот кабинеті арқылы тіркелеген арыздар мен шағымдарға қатты назар аударып, олардың сотта қаралу нәтижелерін атап өтті.

Сонымен қатар сот төрағасы «Тергеу судьясы» ұғымы және оның өкілеттіктері» тақырыбына жалпы түсінік беріп, тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асыру жататынын айтты.

 Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Пресс служба областного суда Южно-Казахстанской области